A- A A+
Ақмола облысы цифландыру және архивтер басқармасының «Аршалы ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы цифландыру және архивтер басқармасының «Аршалы ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Құжаттардың орналасу жері

1. Еңбек қызметi туралы зейнетақы ресiмдеу үшiн — жұмыс iстеген, ұйымдар, мекемелер ведомстволық мұрағаттарында, егер олар әрекет етудi жалғастырса. Банкротқа ұшырау және тарату жағдайында — мемлекеттiк мұрағаттарға таратылғанға дейiн ұйымның, мекеменiң орналасу жерi бойынша.
2. Оқу орындарында оқуды растау туралы — бiлiм беру Департаментi вуздарының, техникумдардың, колледждердiң ведомстволық мұрағаттарына, мемлекеттiк мұрағаттарға iстердi мұрағатқа тапсыру шартымен.
3. Облыстық, қалалық, аудандық партия, комсомол ұйымдарында партиялық жұмыс туралы мәлiметтер үшiн — жұмыс орны бойынша облыстық мемлекеттiк мұрағаттарға.
4. Туу, неке қию, қайтыс болу фактiлерiн тiркеу мәлiметтерi үшiн (Ақмола облысының тұрғындары үшiн) — 1928 жылға дейiн Ақмола облысының мемлекеттiк мұрағаттарына (Ә. Баймұқанов көшесi,23) Көкшетау қаласы (З. Темiрбеков көшесi,55) (православиелiк шiркеулерi метрикалық кiтаптарының толымсыз қоры), 1928 жылдан кейңн — АХАТ бөлiмдерiне.
5. Ұлы отан соғысы жылдары Кеңес әскерiнде қызмет, эвакогоспитальдарда азаматтардың жұмысы туралы мәлiметтер үшiн РФ қорғаныс Министрлiгiнiң орталық мұрағатына (Подольск қаласы, Мәскеу облысы).
6. Эвакогоспитальдарда жараланғаннан кейiн емдеуде болу және эвакогоспитальдарда азаматтардың жұмысы туралы мәлiметтер үшiн — РФ соғыс медицинасының мемлекеттiк мұражайына (Санкт-Петербург қаласы).
7. ҰОС жылдары iз-түссiз жоғалып кеткендер туралы мәлiметтер үшiн — РФ IIМ МАО-на Мәскеу қаласы; РФ қорғаныс Минстрлiгiнiң орталық мұрағатына Подольск қаласы.
8. Еңбек әскерiнде болу туралы мәлiметтер үшiн — еңбек әскерiне шақыру орны бойынша мемлекеттiк мұрағаттарға, жұмыс iстеген, Қазақстан Республикасы бойынша облыстардың құқықтық статистика және арнайы есептер мұрағаттарына (ҚСКБ және АЕ) және Ресей облыстарының IIБ ақпараттық орталықтарына (АО).
9. ҰОС жылдары эвакуацияға алынған азаматтар туралы мәлiметтер үшiн — Ресей Қызыл Крестiнiң iздеу және ақпарат орталығына. Мәскеу, Кузнецкий мост 18/7, эвакуацияда тұру орны бойынша мемлекеттiк мұрағаттарға.
10. ҰОС жылдары Германияға айдалған азаматтар туралы мәлiметтер үшiн — Германияға жiберуден бұрын тұру орны бойынша мемлекеттiк мұрағаттарға, сондай түрдегi мәлiметтер Internationaler Suchdienst Arolsen қаласы, Grose Allee 5-9 Германия бар.
11. Жазаланған және азаматтарды ақтау туралы мәлiметтер үшiн — қамауға алғанға дейiн тұру орны бойынша прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк органдарына.
12. ҰОС жылдары жiберiлген, арнайы қоныстанушылар, немiстер туралы мәлiметтер үшiн — облыстардың құқықтық статистика және арнайы есептер мұрағаттарына (ҚСКБ және АЕ), арнайы қоныстануда тұру орны бойынша прокуратура органдарына, мемлекеттiк мұрағаттарға отбасы құрамы туралы, осы кезеңде ата-анасымен бiрге тұруын растайтын, анықтаманы алу үшiн.
13. Генеалогиялық сипаттағы мәлiметтер үшiн — мемлекеттiк мұрағаттарға, егер сұрап жатқан кезеңде туыстың қайда тұрғаны мен жұмыс iстегенi белгiлi болған жағдайда, ол партиялық, мемлекеттiк немесе қоғам қайраткерi және т. б. болды ма.
14. Ордендермен, медальдармен марапаттау туралы ҚР ОММ-на, марапаттау кезiнде тұру орны бойынша мемлекеттiк мұрағаттарға құжаттарды мұрағатқа тапсыру шартымен.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 25.04.2016 14:42

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифландыру және архивтер басқармасының «Аршалы ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»