A- A A+
Ақмола облысы цифландыру және архивтер басқармасының «Аршалы ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы цифландыру және архивтер басқармасының «Аршалы ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Архив тарихы

Аршалы ауданының мемлекеттiк мұрағаты

2015 жылдың тамызында Аршалы ауданының мемлекеттiк мұрағаты мемлекеттiк мекемесiне 28 жыл толды. Өз тарихын мұрағат 1987 жылдың 21 тамызынан жүргiзедi Вишневка халық депутаттары аудандық Кеңесiнiң № 17/228 шешiмiмен ол жеке құрамы бойынша шаруашылық есептегi болып құрылған болатын. Мұрағат ауданның ұйымдары мен кәсiпорындары қызметiнде құрылатын, құжаттарды қабылдау және сақталуын қамтамасыз ету үшiн құрылған.

1992 жылдың қарашасында шаруашылық есептегi мұрағат Вишневка, 1997 жылдың қарашасынан Аршалы ауданының мемлекеттiк мұрағатына өзгертiлген болатын. 2005 жылдың сәуiрiнде «Аршалы ауданының мемлекеттiк мұрағаты» мемлекеттiк мекемесi Аршалы ауданының әдiлет басқармасында қайта тiркеуден өттi.

Мұрағаттың негiзгi мiндеттерi — мұрағатта сақталатын, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттiк есепке алу, мемлекеттiк билiк және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын, ғылыми, мәдени және басқа мекемелердi ақпараттық қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету, құжаттарды пайдалану және жариялым, ақпараттық-iздестiру жүйелердi жасау.

Мемлекеттiк мұрағат қызметiнiң мақсаты: құжаттарды сақтау, толымдау, есепке алу және пайдалану болып табылады.

Алғашқы мұрағаттық құжаттар 1987 жылдың қыркүйегiнде түстi. Олардың бөлiгi облыстық мұрағаттан тапсырылған болатын, бөлiгiн аудандық ұйымдар мен шаруашылықтардан қабылдады, жыл iшiнде барлығы 3302 сақтау бiрлiгi. 20 жыл iшiнде мұрағат қорлары жыл сайын аудандық ұйымдастырулар құжаттары есебiнен толықтырылған. Мұрағаттың пайда болу кезiнен 20 мыңнан астам құжаттар сақтауға қабылданды. Олардың көбi, 14 мыңға жуық, бiзге 2006 жылы аймақтық тиiстiлiгi бойынша Ақмола облысының мемлекеттiк мұрағатымен тапырылған болатын.

Аршалы ауданының мемлекеттiк мұрағатында Вишневка аудандық атқару комитетiнiң, аудандық бұрынғы Вишневка, қазiргi Аршалы ауданы мекемелерiнiң, ұйымдарының, кәсiпорындарының құжаттары жиналды.

Кеңес Одағының қалпына келу мен бекiтiлудiң тарихи процессi, алғашқы соғысқа дейiнгi бесжылдықтар, ҰОС, тың және тыңайған жерлердi игеру кезеңдерi, халық шаруашылығы, мәдениет барлық салаларының дамуы, өндiрiс озаттарын, көп балалы аналарды марапаттау туралы мәлiметтер мұрағат қорларында ұсынылды.

Бiздiң Республикамыздың Тәуелсiздiгiнiң алғашқы жылдарында құрылған құжаттар аса маңызды. Бұл ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуы, бюджетi, мекемелер мен кәсiпорындар қызметi туралы мәлiметтер.

Құндылықты жеке тектiк құжаттары ұсынады, олар Ұлы Отан соғысының ардагерi, Қазақ КСР еңбек сiңiрген ұстазы, Михайловка селосының құрметтi азаматы Георгий Семенович Беляевтiң қорымен ұсынылған.

2016 жылдың 1 қаңтары жағдайы бойынша аудандық мемлекеттiк мұрағат есебiнде 159 қор 29564 сақтау бiрлiгiмен, олардың 17961 басқару құжаттамасының iстерi, 11518 құжат жеке құрам бойынша және 70 жеке тектiк құжат.

Мұрағаттың негiзгi мiндетi — құжаттардың, ең жоғары дәрежесiнде тарихи процесiн сипаттайтын, оның барлық сан алуандығында, халықтық-шаруашылық маңызы бар, көбiрек құжаттарды жинау және сақтау. 1987-2015 жылдары 159 қор құрылды, оларда Қазақстан Республикасының дамуын және қалыптасуын сипаттайтын құжаттар қалыптасқан бұл өкiлдiк органдарына, аудандық және селолық әкiмдiктердiң, аудандық мәслихаттың, аудан кәсiпорындары мен ұйымдарының сайлау бойынша сайлау комиссиясының құжаттары және тағы да басқа.

Мемлекеттiк мұрағат үнемi iс қағаздарын жүргiзу, толымдау көздерi болып табылатын кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдардағы құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету сұрақтарын бақылауда ұстайды. Соңғы он жылда мұрағатпен аудандық ұйымдар мен мекемелерде, селолық округтерде iс қағаздарын жүргiзу мен құжаттардың сақтауын ұйымдастыруда көмек көрсету үшiн ведомстволарға 40-тан аса шығу, оқытатын семинарлар өткiзiлдi. 2015 жылы 43 толымдау көздерi ұйымдарынан — 34 мұрағатпен iстер номенклатурасын әзiрледi және келiстi.

Мұрағат қызметкерлерi азаматтардан түсетiн сұрауларды орындау бойынша жұмысты өткiзедi. Соңғы үш жылда мұрағатқа екi жарым мыңға жуық сұрау түстi, атап айтқанда 2013 — 700, 2014 — 900, 2015 -800. Жалақы мөлшерi туралы, еңбек өтiлiн растау туралы, жер учаскелерiн бөлу туралы, аудан, кәсiпорын атауын өзгерту туралы және т. б. бес мыңнан астам мұрағаттық анықтама берiлдi.

Мұрағат құжаттарын пайдалану қолайлығы үшiн, 2008 жылы мұрағат қорының каталогтауын бастаған, сақтауда жатқан басқару құжаттары мен жеке құрам бойынша құжаттары бойынша жолсiлтемелердi шығарды. 2010 жылы жеке құрамы бойынша құжаттардың орналасуы туралы ведомствоаралық мұрағат анықтамалығын дайындады.

Бүгiнгi күнi мұрағатшылар 20-30 жылдан кейiн зерттеу объектiсi Республика Тәуелсiздiгiнiң алғашқы жылдарының оқиғалары болатыны туралы жиi ойлайды. Сондықтан мұрағатты мемлекеттiк органдар құжаттарымен, сонымен бiрге жеке тектiк құжаттарымен толымдауына тиiстi назар аударылады. Мұрағатта аудандық және селолық әкiмдiктер, мәслихат құжаттары, Ұлы отан соғысының ардагерi, Қазақ КСР еңбек сiңiрген ұстазы, Аршалы ауданының құрметтi азаматы Георгий Семенович Беляевтiң жеке құжаттары сақталады.

Аршалы ауданының мемлекеттiк мұрағаты бағыттарының бiрi «Вперед» аудан газетiнде мақалаларды, ақпараттарды, құжаттар топтамаларын дайындау және жариялау болып табылады. 2015 жылы «Вперед» аудан газетiнде 5 мақала жарияланды, электронды үкiмет порталы арқылы үндеулердi дәрiптеу үшiн аудандық газетте 2 мақала және төрт хабарландыру жарияланды.

Мемлекеттiк мұрағат аудан әкiмшiлiгiмен тығыз байланыста жұмыс iстейдi. Дүркiн-дүркiн аудан әкiмiнiң аппаратына мемлекеттiк мекемелерде, селолық округтерде құжаттар сақталудың проблемалы мәселелер бойынша ақпаратты жiберемiз. Аудан мекемелерiнде құжаттардың ведомстволық сақтау жағдайы, iс қағаздарын жүргiзу сұрақтары Аршалы ауданы әкiмдiгiнiң отырысында қаралды.

Тәуелсiздiктiң 20 жылында бiздiң Республика қызметiнiң барлық салаларында ғажап өзгерiстер болды. Мұрағаттар күтуiне қаржы шығындар елеулi артты және нәтиже ретiнде мемлекеттiк мұрағаттардың материалдық-техникалық база едәуiр жақсартылды. Сәйкесiнше құжаттарды сақтау жағдайларын жөндеуiнде елеулi алға басулар болды, екi мұрағатшыға Аршалы аудандық мемлекеттiк мұрағатының штаттық саны артты. 2015 жылы мұрағаттың жалпы бюджетi 6566,2 мың тенгенi құраған, олардың жалақы — 4280,3 мың тенге. Аршалы ауданының мемлекеттiк мұрағаты 4 компьютермен жабдықталған, ол мұрағатшылардың жұмысын айтарлықтай жеңiлдетедi. 2006 жылы мұрағатта барлық кеңсе жиһазы ауыстырылды, сатып алынды: факс, сканер. 2009 жылы қосымша құжаттарды орналастыру үшiн 14 металл сөрелер стаып алынды, екi заманауи өрт сөндiргiш сатып алынды. Iс жүзiнде мұрағаттың барлық қоры картондалған.

Мұрағат Интернет желiсiне қосылған, мұрағат қоры, қазынашылық клиент, АРМ ЕУОЛ бағдарламаларымен, Egov.kz электронды үкiмет порталымен, мемлекеттiк сатып алулар порталымен, ЕССО жұмыс iстеймiз. Мемлекеттiк мұрағат штатында бес адам: директор Руденко Марина Альгердовна, бас есепшi- мұрағатшы Жакиенова Гүлжан Құсайынқызы, мұрағатшылар Төлеубаева Үмiт Баянбекқызы, Шильман Елена Георгиевна, Ережепова Сабира Серiкқызы.

Пайда болу жылдарында мұрағат жаңа орындарға бес рет көштi. Бүгiнде Аршалы аудандық мемлекеттiк мұрағаты «Аршалы-су» ШЖҚ МКК ғимаратында бөлмелердi жалға алады, бұл дәлiз, бiр кабинет және екi мұрағат қоймасы, жалпы көлемi шамамен 130 шаршы метр. 2007 жылы мұрағат бөлмелерiн жөндеу үшiн бюджеттен 300000 тенге бөлiнген болатын. Осы ақшаға кабинеттiң, мұрағат қоймаларының жақсы жөндеуiн өткiздi, металл есiктi орнатты, кiре берiстi салды. 2009 жылы мұрағатта өрт сигнал беруi монтаждалған, 2010 — терезелерге металл торларды орнатты.

2015 жылы «Аршалы ауданының мемлекеттiк мұрағаты» ММ теңгерiмiне басқа ғимаратты бөлiп шығарды. 2016 жылға осы ғимараттың күрделi жөндеуi үшiн жобалы-сметалық құжаттамаға қаражат жоспарланған. Былайша болашақта Аршалы ауданының мұрағатшылары өздiк ғимаратында жұмыс iстейтiн болады.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 10.05.2017 15:08

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифландыру және архивтер басқармасының «Аршалы ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»